Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз!

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204 болып тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 148 (2138) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидасында:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат беру қағидалары»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыларға рұқсат ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.»;
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қағидалар Қазақстан Республикасының автомобильмен тасымалдаушыларына халықаралық автомобильмен тасымалдауларды жүзеге асыруға рұқсат ету куәлігін және рұқсат ету карточкасын беру тәртібін айқындайды, олар мынадай автокөлік құралдарының иелері үшін міндетті:
      1) Жүк автомобильдері (тіркемені қоса алғанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан асатын);
      2) Жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған мамандандырылған автомобильдер.»;
      3.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін – Қазақстан Республикасының автомобильдік тасымалдаушыларына халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі - Рұқсат);
      2) автокөлік құралына рұқсат карточкасы – автокөлік құралын халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруда пайдалануға рұқсат беретін құжат (бұдан әрі – рұқсат карточкасы).»;
      4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Рұқсат және рұқсат карточкасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Көлік комитетiнiң аумақтық органдарымен осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша беріледі.
      Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушы:
      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкімет веб-порталына жүгінеді.»;
      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Автокөлік құралына Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін отандық тасымалдаушылар мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiштi;
      2) автокөлік құралдарын жалға алу шарттарының көшiрмесiн (болған кезде);
      3) тахографты кезеңдік тексеру (инспекцияның) туралы куәліктің көшірмесін;
      4) Рұқсат немесе оның телнұсқасы берілгені үшін мемлекеттік бажды төлегенің растайтын құжатты ұсынады.
      Аумақтық органдар Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшін өтiнiштi үш жұмыс күні iшiнде қарайды.».
      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес пакетін ұсынған;»;
      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Автокөлік құралдары паркі ұлғайтылған кезде отандық тасымалдаушылар осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.»;
      11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) және (немесе) рұқсат карточкасын алуға арналған өтiнiштi аумақтық орган өтiнiш берілген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қарайды.»;
      15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш ұсынады.»;
      16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа Рұқсат (Рұқсат телнұсқасын) алу үшiн отандық тасымалдаушылар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында Рұқсаттың жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған Рұқсатты;
      3) Рұқсат немесе оның телнұсқасын берілгені үшін мемлекеттік баж салығын төлеуді растайтын құжат.»;
      16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда жаңа рұқсат ету карточкасын алу үшiн отандық тасымалдаушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi және мыналарды ұсынады:
      1) жоғалған жағдайда – бұқаралық ақпарат құралдарында рұқсат карточкасының жоғалғаны және жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастырылғанын растайтын құжатты;
      2) бүлiнiп қалған (зақымдалған) жағдайда – бүлiнiп қалған немесе зақымдалған рұқсат карточкасын.»;
      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сондай-ақ осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзімде басқа аумақтық органдарға өтініште көрсетілген автокөлік құралдарынан басқа рұқсат ету карточкасы бар болуы туралы сұрау салу жіберіледі.»;
      22-тармағы алынып тасталсын;
      1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2-қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық автомобиль жүк 
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына  
2-қосымша         
___________________________________
(көліктік бақылау органын атауы)»;

      3-қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық автомобильмен жүк
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына   
3-қосымша          

                                                 Нысан
___________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)»;

      4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 наурыздан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________________ Е. Досаев
      2016 жылғы 29 қаңтар

Қазақстан Республикасы      
Инвестиция және даму министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы № 38  
бұйрығына            
1-қосымшасы           

Халықаралық автомобильмен жүк 
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына   
1-қосымша            

нысан

__________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

№ 00000000

халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға
РҰҚСАТ БЕРУ КУӘЛІГІ

Тіркеу № ________ 20___ жылы ______________

Куәлік иесі _________________________________________________________
        (ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны және заңды тұлғаның атауы
                       немесе жеке кәсіпкердің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Орналасқан мекенжайы
_____________________________________________________________________
            (заңды тұлға үшін – заңды мекенжайына
_____________________________________________________________________
        жеке кәсіпкер үшін – тұрғылықты жерінің мекенжайы)
_____________________________________________________________________

      Осы Куәлік, оның иесіне халықаралық автомобильмен жүк тасымалын жүзеге асыруға рұқсат берілгенін растайды.

МО (бар болған кезде) _________________ _____________________________
    (мемлекеттік орган басшысының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                             болған кезде))

Қазақстан Республикасы      
Инвестиция және даму министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы № 38  
бұйрығына            
2-қосымшасы           

Халықаралық автомобильмен жүк 
тасымалдауды жүзеге асыруға 
автомобильмен тасымалдаушыларға
рұқсат беру қағидаларына   
4-қосымша           

нысан

__________________________________
(көліктік бақылау органының атауы)

Рұқсат беру куәлігін және (немесе) рұқсат карточкасын алуға
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
      (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
                     немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мынадай автокөлік құралдарына:
      1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, атауы, орналасқан жері өзгеруіне;
      2) заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгеруіне және қайта ұйымдастырылуына;
      3) Рұқсат және (немесе) рұқсат карточкасы жоғалуы, бүлініп қалуына (зақымдалуына);
      4) автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін ауыстыруға;
      5) автокөлік құралын сатып алуға немесе жалға алуға (қажетінің астын сыз) байланысты жаңа Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беруді өтінемін.

№

Автокөлік құралының маркасы

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Ескертпе

















      ЖСН/БСН
_____________________________________________________________________
      Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы
анықтама ____________________________________________________________
                           (№ және қашан берілген)
      Мекенжайы
_____________________________________________________________________
    (индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, № үй, телефон, факс)

      Қоса берілетін құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
________________         ____________________________________________
     (қолы)              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
 
      Мөрдің орны:

      20___ жылғы «____» __________
      20___ жылғы «____» __________ өтініш қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік органның жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар
                    болған кезде), қолы)

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.