Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 12590 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тапсырыс берушілер Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес айына бір реттен асырмай мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы мынадай:
1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған жағдайларға қолданылмайды.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
29. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсыну мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мынадай:
1) бөлiнген сомаларды көрсете отырып, өткізiлетiн мемлекеттiк сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң көлемi туралы мәліметтерді;
2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасын;
3) тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету орнын;
4) тауарды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтердi көрсетудiң талап етiлетiн мерзiмдерiн;
5) әлеуетті өнім берушілердiң баға ұсыныстарын ұсынуды бастау және аяқтау мерзiмi туралы;
6) техникалық ерекшелігін көрсете отырып, шарттың жобасын веб-порталда қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.";
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"60. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға айқындалады.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның төрағасы болып орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.
Осы Қағидалардың 22 және 24-тармақтарында көрсетілген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып ұйымдастырушының бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.
Осы Қағидалардың 21, 23 және 25-тармақтарында көзделген жағдайларда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.
Осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің бірінші басшысынан не оның міндетін атқарушы тұлғадан төмен емес лауазымды адам не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам айқындалады.";
85-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85-1. Тапсырыс берушіге шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті материалдық және еңбек ресурстары конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікте көрсетіледі.
Құрылыс жұмыстары (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу) бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде әлеуетті өнім берушілердің материалдық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжат Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген тиісті рұқсат (лицензия) болып табылады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Егер әлеуетті өнім берушіде ұсынылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына ерікті түрде сәйкестігін растайтын, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес берілген құжат болған кезде, конкурстық комиссия екі пайыз (2 %) мөлшерінде шартты жеңілдік береді.";
мынадай мазмұндағы 174-1-тармақпен толықтырылсын:
"174-1. Әлеуетті өнім берушінің ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар мен құрылыспен байланысты емес жұмыстарға конкурсқа қатысуға арналған өтінім бағасы конкурсқа бөлінген бағадан қырық пайыздан аса төмен болған жағдайда демпингтік болып тынылады.";
233 және 234-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"233. Ұйымдастырушы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілермен ұсынылатын техникалық ерекшелікті бағалау үшін мынадай өлшемшарттарды көздейді:
1) әлеуетті өнім берушімен ұсынылған жобаның тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігіндегі талаптарына сәйкестігі;
2) әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының Тапсырыс беруші сатып алатын көрсетілетін қызметтерге сәйкестігі (құрылтай құжаттарына сәйкес);
3) Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізуге сәйкестігі (іс-шаралар атауы және нысаны, өткізу орны мен мерзімі);
4) әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтері;
5) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы;
6) жобаны іске асыру тиімді қорытындысын бағалау индикаторларының бар болуы.
Осы тармақтың 1) - 6) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша баллды есептеу конкурстық құжаттаманың 12-қосымшасына сәйкес есептеледі.
234. 233-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген өлшемшарттар бойынша бір баллдан төмен жинаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері жалпы жиналған баллдардың санына қарамастан, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";
237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"237. Техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 8 баллдан төмен әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";
240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"240. Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі және олардың техникалық ерекшеліктерін бағалау тұрғысынан қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге конкурстық ұсыныстарды мынадай шартты азайтуды қолданылады:
1) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 10 баллдан 15 баллды қоса есептегенде құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 10%-ға шартты азайтылады;
2) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 16-дан 20-ға дейінгі баллды құраса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 20%-ға шартты азайтылады;
3) егер әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігінің қорытынды бағасы 20 баллдан жоғары болса, әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысы 30%-ға шартты азайтылады.";
274-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырған жағдайда сараптау комиссиясын құру туралы шешімді тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға не жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге лауазымды адам қабылдайды.";
391-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"391. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың жобасына қол қоймаса, тапсырыс беруші жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
Егер демпингтік баға қолданылатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші Заңда және осы Қағидаларда белгіленген мерзімде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізбесе, тапсырыс беруші жеңімпаздың шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған шарттың жобасын жібереді. Заңның 43-бабының 7-тармағына сәйкес шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырады.";
426-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 301 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15156 болып тіркелген Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларына (бұдан әрі - Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидалары) сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жазып берілген электрондық шот-фактураны ресімдеу;";
442-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"442. Конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) әлеуетті өнім берушілердің сатып алынатын тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі келесі өлшемшарттарға сәйкес:
1) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген елу мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, екі жылға дейін;
2) егер конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын болса, бес жылға дейін белгіленуі мүмкін.";
Қағидалардың 4-қосымшасының:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы КҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін;";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарына сәйкестігін ерікті растау туралы құжат болған кезде конкурстық комиссия екі пайыз (0,2%) мөлшерінде шартты жеңілдікті береді.";
конкурстық құжаттамаға 2, 5, 6 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидалардың 8-қосымшасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидалардың 9-қосымшасының:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы АҚ-ға 2-қосымшаға сәйкес, сатып алынатын тауарлардың сипаттамасын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын қамтиды. Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы болмауға тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Тапсырыс берушілер олар болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін;";
аукциондық құжаттамаға 2-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 19-қосымшада 7.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.";
Қағидаларға 20-қосымшаның 8.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақшаның жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші өзіне тиесілі қаражатты Мердігерге/Орындаушыға Шартпен қаралған мерзімдерде төлемесе, онда Тапсырыс беруші Мердігерге/Орындаушыға кешіктірілген әр күн үшін шарттың тиесілі сомасынан 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-ынан артпауы тиіс.";
Қағидаларға 21-қосымшаның 7.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7.2. Секвестр және/немесе тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау шотында/мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың есеп шотында ақша жетіспеген жағдайларды қоспағанда, егер Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиесілі қаражатты Шартта көрсетілген мерзімдерде төлемесе, Тапсырыс беруші Өнім берушіге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі соманың 0,1 % (нөл бүтін оннан бір) мөлшерінде ұсталған төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10 %-ынан аспауға тиіс.";
Қағидаларға 22-1, 22-2 және 22-3-қосымшалар осы бұйрыққа 7, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 1-қосымша |
|
| Конкурстық құжаттамаға 2-қосымша |
Конкурстың № _______________________
Конкурстың атауы ____________________
Лоттың № _______________________
Лоттың атауы _______________________
Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаты және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
Тапсырыс берушілер Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары болған кезде, оларды көрсете отырып техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
Бұл ретте техникалық ерекшелік Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық өзіндік ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуға тиіс.
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды әзірлеу туралы техникалық тапсырмада Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұлттық стандарттарына (олар болған кезде) сәйкес келетін материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетілуі мүмкін.
Тауарларға, көрсетілетін қызметтерге техникалық ерекшелікте функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары функционалдық, техникалық сипаттама параметрлері, тауардың мақсаты мен тауарды, көрсетілетін қызметті пайдалану шарттары шегін қамтитын тиісті бөлімдерге бөлінуі тиіс.
Қажет болған кезде, техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажет ілеспе қызметтер (монтаждау, теңшеу, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы тиістігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
Орындалу (көрсетілу) сапасы осындай жұмыстарды (қызметтерді) тікелей орындайтын (көрсететін) қызметкердің біліктілігіне байланысты жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жағдайында техникалық ерекшелікте қызметкерге, оған жүктелетін міндеттерді орындау үшін оның қажетті деңгейі мен кәсіби даярлық бейінін, үш жылдан аспайтын жұмыс өтілін (Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым жоғары өтіл көзделген жағдайларды қоспағанда) айқындайтын қойылатын талаптардың сипаты беріледі.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің орнына белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама қамтылуы тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 2-қосымша |
|
| Конкурстық құжаттамаға 5-қосымша |
Электрондық конкурстың № ________________________
Электрондық конкурстың атауы ________________________
Лоттың № ______________
Лоттың атауы ___________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:Жұмыстың атауы | Жұмысты орындау орны (объектінің орналасқан жері) | Тапсырыс берушінің атауы | Жұмысты аяқтау жылы, айы | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі | Шарттың құны, теңге |
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктерінің саны | Жай-күйі (жаңа, жақсы, жаман) | Меншікті (меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжаттар қоса берілсін) | Растайтын құжаттың атауы, күні және нөмірі |
Р/с № | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Лауазымы | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсету керек, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) |
1 |
№ | Рұқсат (лицензия) атауы | Қызмет түрі | Ерекше шарттар (санаты) | Құжаттың берілген күні мен нөмірі |
1. | ||||
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
________________________________________________________________________________
Ескерту:| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 3-қосымша |
|
| Конкурстық құжаттамаға 6-қосымша |
Конкурстың № ________________________
Конкурстың атауы _____________________
Лоттың № ____________________________
Лоттың атауы ________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:Қызметтің атауы | Қызметті көрсеткен орны | Тапсырыс берушінің атауы | Қызметті көрсеткен жылы мен айы (__ бастап __) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі | Шарттың құны, теңге |
№ | Материалдық ресурстардың атауы | Қолда бар бірліктердің саны (дана) | Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар) | Жеке меншік (меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін), жалға алынған (кімнен және жалға берушінің меншік құқығын растаушы құжаттар қоса берілсін) | Растаушы құжаттың атауы, күні және нөмірі |
Р/с № | Қызметкердің Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі (өтіл бойынша талап болған жағдайда еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі қоса берілсін) | Біліктілік туралы құжат (білімі туралы дипломның, сертификаттың, аттестаттың және т.б. нөмірі мен берілген күнін көрсетсін, олардың электрондық көшірмелері қоса берілсін) | Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы |
Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 4-қосымша Конкурстық құжаттамаға 12-қосымша |
№ | Бағалау өлшемшарттары | Балл | Балдарды таратып жазу | |
1 | Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына әлеуеттік өнім берушінің ұсынатын жобасының сәйкес келуі | 0-ден 2-ге дейін | 0 | тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына әлеуетті өнім берушімен ұсынылатын жобасының сәйкес келмеуі* (әлеуетті өнім беруші сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді) |
1 | әлеуетті өнім беруші ұсынып отырған жоба Тапсырыс берушінің техникалық ерекшеліктерінің талаптарына сәйкес келеді | |||
2 | әлеуетті өнім беруші ұсынатын жоба неғұрлым жоғары сипаттаманы қамтиды | |||
2 | Тапсырыс берушінің сатып алынатын қызметке әлеуетті өнім берушінің қызмет мақсатының сәйкестігі (құрылтайшы құжаттарға сәйкес) | 0-ден 1-ге дейін | 0 | қызмет мақсаты Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келмейді |
1 | қызмет мақсаты Тапсырыс берушінің сатып алатын қызметтеріне сәйкес келеді | |||
3 | Тапсырыс беруші қойған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарының сәйкестігі (іс-шаралар атауы және үлгісі, өткізу орны мен уақыты, жауапты тұлғалардың аты-жөні, тегі) | 0-ден 6-ға дейін | 0 | тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары жоқ не конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде қарастырылған барлық талаптарды қамтымайды |
3 | тапсырыс берушімен қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде қарастырылған барлық талаптарды қамтиды | |||
6 |
тапсырыс берушінің қойған мақсаттарға қол жеткізуі бойынша егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары | |||
4 | Әлеуетті өнім берушінің "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" болуы туралы мәліметтер | 0-ден 2-ге дейін | 0 | әлеуетті өнім беруші туралы "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" мәліметтер жоқ** |
1 | әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақытында ұсынбаған | |||
2 | әлеуетті өнім беруші "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына" мәліметтерді уақытында ұсынған | |||
5 | Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы (бір өлшемшарт ғана алынады) | 0-ден 6-ге дейін | 0 | әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болмауы |
1 | әлеуетті өнім берушінің екі жылға дейінгі әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі | |||
2 | әлеуетті өнім берушінің екі жылдан бес жылға дейінгі әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі | |||
3 | әлеуетті өнім берушінің бес жылдан жоғары әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру саласындағы жұмыс тәжірибесі | |||
4 | әлеуетті өнім берушінің екі жылға дейінгі сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі | |||
5 | әлеуетті өнім берушінің екі жылдан бес жылға дейінгі сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі | |||
6 | әлеуетті өнім берушінің бес жылдан жоғары сатып алынатын қызметтердің мәніне сәйкес келетін қызмет нарығындағы жұмыс тәжірибесі | |||
6 | Жобаны іске асыру нәтижелерін тиімді бағалау бойынша индикаторлардың болуы | 0-ден 3-ке дейін | 0 | техникалық ерекшелікте индикаторлар жоқ |
1 | сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы | |||
2 | сандық немесе сапалық индикаторлардың болуы | |||
3 | барлық деңгейлердегі сандық және сапалық индикаторлардың болуы (салым, процесс, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер) |
Ескерту:
* Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуге қатысты конкурстық құжаттама ережелері Заңның 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде көрсетілмейді.
** "Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында" мәліметтері жоқ әлеуетті өнім берушілер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді."
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 5-қосымша |
|
| Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша |
Күні мен уақыты
Тапсырыс беруші* ____________________________________________
конкурс № ___________________________________________________
Конкурстың атауы ____________________________________________
Ұйымдастырушының атауы ____________________________________
Ұйымдастырушының мекенжайы ________________________________
Конкурстық комиссияның құрамы:
№ Т.А.Ә. Ұйымдағы лауазымы Комиссиядағы рөлі
Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі ___________
р/с | Лоттың № | Лоттың атауы | Саны | Бірлік үшін бағасы, теңге | Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге |
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Өтінім берілген күн мен уақыт (хронология бойынша) |
№ | Сұрау салу жіберілген ұйымның/тұлғаның атауы | Сұрау салу туралы ақпарат | Сұрау салудың қысқаша сипаттамасы | Сұрау салуға берілген жауап сомасы |
р/с | Әлеуетті өнім берушінің атауы (әлеуетті өнім берушілердің тізбесі), БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | |||
Комиссия мүшесінің А.Т.Ә. | Комиссия мүшесінің шешімі | Бас тарту себебі | Конкурстық құжаттама талаптары мен біліктілік талаптарына олардың сәйкес келмеуін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттау | |
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН | Бас тарту себебі 1 |
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/СЕН |
№ | Әлеуетті өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН) / СЖН/ СЕН | Шартты жеңілдіктер, % | |||||||||
Жұмыс тәжірибесі | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Әлеуетті өнім берушіде ұлттық стандартқа экологиялық менеджмент жүйесінің сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Әлеуетті өнім берушіде өнімнің экологиялық тазалығы стандартына сәйкестігін растайтын құжаттың болуы | Ұлттық стандарттарға ұсынылатын тауарларға сәйкестігін ерікті растайтыны туралы құжаттың болуы | Тауарлардың функционалдық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапалы сипаттамалары | Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамасы | Жалпы шартты жеңілдік, % | |||
№ | Өнім берушінің атауы | БСН (ЖСН)/ СЖН/ СЕН | Бөлінген сома | Өнім берушінің бағасы | Заңның 26-бабына сәйкес сәйкестік сомасы | Шартты жеңілдіктің мөлшері, % | Шартты жеңілдікті ескере отырғандағы баға | Жұмыс тәжірибесі | Өтінімді беру күні мен уақыты |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 6-қосымша Аукциондық құжаттамаға 2-қосымша |
Аукционның №________________________
Аукционның атауы_____________________
Техникалық ерекшелікте қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың толық сипатын және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасы беріледі.
Тапсырыс берушілер ол болған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлеуі мүмкін.
Бұл ретте техникалық ерекшелік техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмеуге тиіс. Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіледі.
Қажет болған кезде техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде тапсырыс берушіге қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, ретке келтіру, оқыту, тауарларды тексеру және сынақтан өткізу және т.б.) мен олар қай жерде шығарылуы қажет екендігі, тауардың шыққан жылы, кепілдік мерзімі көрсетілуі тиіс.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрыққа 7-қосымша |
|
| Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-1-қосымша |
№__ "___"_____ | 20_____ж қол қою күні *
(тапсырыс беруші актіні қабылдаған |
Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
_____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал (Өнім берушінің атауы*) 20 __ жылғы "__"________ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан __________________________ (Тапсырыс беруші)
(Тапсырыс берушінің атауы*) қабылдағаны жөнінде жасалды:
Тауар туралы мәліметтер** | |||||||
№ | Тауарды беру орны | Тауардың атауы | Номенклатуралық (зауыттық) нөмірі (болған жағдайда) | Өлшем бірлігі | Саны | бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда | Сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | |||||||
… |
Өнім берішінің атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы* | Өнім берішінің өкілдері ** | Бекітемін ** | ||
Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Шарт бойынша ақпарат*** | ||||||||
1 | Жалпы мәлімет | |||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Тауарды жеткізу мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | |||||||
3 | осы акті бойынша өнім беруші жүргізген нақты шығыстар *** | |||||||
Тауардың атауы* | Өлшем бірлігі* | Саны* | Әр бірлік үшін баға, теңге* | Сома, теңге* | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||||
1 | ||||||||
… | ||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома*** |
Тапсырыс берішінің атауы* |
ЖСН/ |
ЖСК/ | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берішінің өкілдері*** |
Бекітемін*** | ||||
Тауарлар қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрығыққа 8-қосымша |
|
| Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-2-қосымша |
№__ "___"_____ | 20_____ж қол қою күні * (тапсырыс беруші актіні қабылдаған күнін және уақытын тіркейді) |
Осы акті төменде қол қойылған Орындаушының атынан
_____________________, (Орындаушы) берілгені, ал (Орындаушының атауы*) 20 __ жылғы "__"_____ № __ __________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан __________________________ (Тапсырыс беруші)
(Тапсырыс берушінің атауы*)
қабылдағаны жөнінде жасалды:
Орындалған жұмыс туралы мәліметтер** | |||||||
№ | Жұмыстың орындаған орны | Жұмыстарды орындау күні/кезеңі | Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда | Сома, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | |||||||
… |
Орындаушының атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк* | Заңды мекенжайы* | Орындаушының өкілдері ** | Бекітемін ** | ||
Т.А.Ә. лауазымы, | қолы | Т.А.Ә. лауазымы, | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Шарт бойынша ақпарат | ||||||||
1 | Жалпы мәлімет | |||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | |||||||
3 | Осы акті бойынша іс жүзінде орындалған жұмыстар (техникалық ерекшелікке, тапсырмаға, жұмыстар болған кезде оларды орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде жұмыстардың атауы)*** | |||||||
Атауы* | Жұмыстарды орындау күні/кезеңі | Өлшем бірлігі* | Саны* | Әр бірлік үшін баға, теңге* | Сома, теңге* | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
1 | ||||||||
… | ||||||||
4 | Өнім берушіге аудару талап етiлетiн сома*** |
Тапсырыс берішінің атауы* |
ЖСН/ |
ЖСК/ | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берішінің өкілдері*** |
Бекітемін*** | ||||
Тауарлар қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер, ерекшеліктер) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
| 2-В нысаны |
Тапсырыс беруші:_____________________________________________________
(толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
Мердігер:___________________________________________________________
(толық атауы, мекенжайы, байланыс құрал туралы деректер)
Құрылыс:_____________________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Объект:______________________________________________________________
(атауы) Мердігерлік келісімшарт (келісімшарт) 20__ жылдың "___" ___________ №__
Нөмірі | Ресурстар коды және норма шифры | Жұмыстар және шығындар атауы | Өлшем бірлігі | Орындалған жұмыстар | |||
Реті бойынша | Смета бойынша позиция | Саны | Әр бірлік үшін баға | Құны, теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны |
Өткізді (Мердігер) |
Қабылдады |
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 222 бұйрығыққа 9-қосымша |
|
| Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 22-3-қосымша |
№__ "___"___________ 20_____ж. Құжаттың нөмірі* қол қою күні* (тапсырыс беруші актіні қабылдаған күнін және уақытын тіркейді)
Осы акті төменде қол қойылған Өнім берішінің атынан
_____________________, (Өнім беруші) берілгені, ал (өнім берушінің атауы*) 20 ___ жылғы "__"______ № __ _________ шартқа (және қосымша келісімге) (шарттың (және қосымша келісімнің) атауы, күні және нөмірі*) сәйкес тапсырыс берушінің өкілі атынан _______________ (Тапсырыс беруші) (Тапсырыс берушінің атауы*)
қабылдағаны жөнінде жасалды:
Көрсетілген қызмет туралы мәлімет** | ||||||
№ | Қызмет көрсету орны | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Әр бірлік үшін баға (теңге), оның ішінде ҚҚС/ҚҚС есепке алмағанда | Сома, теңге |
1 | 2 | 4 | 5 | 6 | 7 | |
1 | ||||||
… |
Өнім берішінің атауы* | ЖСН/БСН* | ЖСК/БСК* | Банк** | Заңды мекенжайы** | Өнім берішінің өкілдері ** | Бекітемін ** | ||
Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | Т.А.Ә., лауазымы, | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Шарт бойынша ақпарат | ||||||||
1 | Жалпы мәлімет | |||||||
Шарттың жалпы құны * | Аванстық төлемдер сомасы *** | Шарттың қолданылуынан бастап төлем сомасы*** | Бұрын актіленгендердің сомасы*** | Жұмысты орындау мерзімін өткізіп не міндеттемелерін тиісінше орындамаған (ішінара орындамаған) үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы*** | Мерзімі өткен күндердің саны*** | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
2 | Шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасының коды: Бағдарлама/Кіші бағдарлама/Ерекшелік*** | |||||||
3 | Осы акті бойынша іс жүзінде көрсетілген қызметтер (болған кезде техникалық ерекшелігіне, тапсырмасына, қызметтерді орындау кестесіне сәйкес олардың кіші түрлері бөлінісінде қызметтердің атауы)*** | |||||||
Атауы* | Қызмет көрсету күні/кезеңі | Өлшем бірлігі* | Саны* | Әр бірлік үшін баға, теңге* | Сома, теңге* | Ғылыми зерттеулер, маркетингтік, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп (күні, нөмірі, парақтар саны) (болған жағдайда)**** | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |||
1 | ||||||||
4 | Өнім берушіге аударуға талап етiлетiн сома*** |
Тапсырыс берішінің атауы* |
ЖСН/ |
ЖСК/ | Банк* | Заңды мекенжайы*** | Тапсырыс берішінің өкілдері*** |
Бекітемін*** | ||||
Тауарлар қабылдау үшін жауапты | Ресімдеудің дұрыстығына жауапты (деректемелер мен ерекшеліктердің сәйкес келуі) | |||||||||
Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | Т.А.Ә. | қолы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |