Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 30.06.2023 № 440 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2007 жыл 24 қазанда № 163 (1192) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық паспорттың (Н-3) нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
____________
2018 жылғы "__"________
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 1609 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген |
|
| Н-3 нысаны |
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кәсіпорынның атауы) Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (жатақханадағы) пәтерге (бөлмеге (-лерге)
1. Облысы_________________________________________________________________
2. Ауданы_________________________________________________________________
3. Қаласы (кенті, елді мекені)_________________________________________________
4. Қаладағы аудан __________________________________________________________
5. Мекен-жайы_____________________________________________________________
6. Кадастрлық нөмірі________________________________________________________
7. Түгендеу нөмірі__________________________________________________________
Масштабы _________
Қабырға материалы: ______ Қабаты: ___ Қабаттылығы: ___ Салынған жылы:____
Экспликациясы
N | атауы | жалпы ауданы | тұрғын ауданы | тұрғын емес ауданы | лоджия | балкон |
Қорытынды |
Берген күні "____" ______________ _______ж.
Директор: _______________________________