Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 04.07.2023 № 668 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жалпы орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес негізгі орта білім беру базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша үлгілік оқу жоспары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар және әскери білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
2019 жылғы "___" __________
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№
Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық кредиттегі
академиялық сағаттағы
1.
Жалпы гуманитарлық пәндер
23
690
Міндетті құрамдас
13
390
Қазақ (орыс) тілі
4
120
Ағылшын тілі
5
150
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
4
120
ӘОО құрамдасы
10
300
2.
Жалпы кәсіптік пәндер
25-тен аспайды
750-ден аспайды
Міндетті құрамдас
кемінде 6
кемінде 180
Дене шынықтыру дайындығы
кемінде 6
кемінде 180
ӘОО құрамдасы
19-дан аспайды
570-тен аспайды
3.
Арнайы пәндер
52-ден аспайды
1560-тан аспайды
ӘОО құрамдасы
52
1560
4.
Әскери тағылымдама
8
240
5.
Аралық аттестаттау
кемінде 6
академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат)
6.
Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан)
2-ден аспайды
2 аптадан аспайды (60 сағат)
7.
Кәсіптік практика
4
120
Барлығы
120
3600
8.
Консультациялар
5-тен аспайды
150-ден аспайды
9.
Факультативтік сабақтар
кемінде 9
кемінде 270 сағат
Жиыны
134
4020
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. Бұйрық 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 03.07.2021 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№
Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық кредиттегі
академиялық сағаттағы
1.
Жалпы білім беру пәндері
48
1440
Міндетті құрамдас
Қазақ тілі және әдебиет
4
120
Орыс тілі және әдебиет
4
120
Шет тілі
4
120
Математика
6
180
Информатика
3
90
Қазақстан тарихы
3
90
Өзін-өзі тану
2
60
Бастапқы әскери және технологиялық дайындық
3
90
Дене шынықтыру
5
150
Тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндер
Физика
5
150
География
5
150
Оқытудың стандартты деңгейіндегі пәндер
Дүние жүзі тарихы
2
60
Биология
2
60
2.
Жалпы гуманитарлық пәндер
6
180
3.
Жалпы кәсіптік пәндер
30
900
4.
Арнайы пәндер
10
300
Міндетті құрамдас
10
300
5.
Әскери тағылымдама
42
1260
6.
Аралық аттестаттау
кемінде 6
академиялық кезеңде 2 аптадан аспайды (180 сағат
7.
Қорытынды аттестаттау (кешенді емтихан)
2-ден аспайды
2 аптадан аспайды (60 сағат)
Барлығы
144
4320
8.
Консультациялар
10-нан аспайды
300-ден аспайды
9.
Факультативтік сабақтар
кемінде 11
кемінде 330 сағат
Жиыны:
165 (36)
4950 (1080)
Қазақстан Республикасы№
Циклдер мен пәндер атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағаттағы
академиялық кредиттегі
1
Жалпы білім беретін пәндер циклі
1680-нен аспайды
56-дан аспайды
Міндетті құрамдас
1530-дан аспайды
51-ден аспайды
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
150
5
Философия
150
5
Шет тілі
300
10
Қазақ (Орыс) тілі
300
10
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
150
5
Әлеуметтік-саяси білім модулі
240
8
Әскери психология және педагогика
120
4
Әскери әдеп
60
2
Саясаттану
60
2
Дене шынықтыру дайындығы
240
8
ӘОО құрамдасы
кемінде 150
кемінде 5
2
Базалық пәндер циклі
3360-тан аспайды
112-ден аспайды
ӘОО құрамдасы
3
Бейіндік пәндер циклі
кемінде 1800
кемінде 60
ӘОО құрамдасы
4
Оқытудың қосымша түрлері
5
Қорытынды аттестаттау
360
12
Жиыны
кемінде 7200
кемінде 240