ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Түркістан қаласының құрылысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тұлғалармен құрылыс жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу кезінде авансты қамтамасыз ету түрі ретінде өнім берушінің жауапкершілігін сақтандыру шартын қолдану жөніндегі пилоттық жоба іске асырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұл ретте осы бұйрықтың 2-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы абзацтары 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.