Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.06.2022 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық тұрғыдан байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 15 қазандағы
№ 776 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 25.06.2024 № 227 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін сүйемелдеу.

      2. Талдау жүйесін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратымен және мәліметтерімен толтыру және қала құрылысы жобаларын әзірлеу.

      3. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру шеңберінде жобалау-іздестіру жұмыстары (өз қажеттіліктері үшін):

      инженерлік-геодезиялық, топографиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық жұмыстар;

      полигонометрия пунктерін есепке алу;

      қашықтықтан барлау деректерін өңдеу;

      кадастрлардың геодезиялық және картографиялық негіздерін құру ;

      4. Қала құрылысы кадастрын жүргізуге арналған геоақпараттық жүйелерді, технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша жобаларды басқару.

      5. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қала құрылысы жобаларын әзірлеуді әдіснамалық сүйемелдеу.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.