Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауардың шығу тегі жөнінде сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10235 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
""Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы үшінші бөлімінің 3-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сұлтанов Қазақстан Республикасы
1. Тауарды өндіруші
(атауы және пошталық мекен-жайы)
4. № ____________________________
ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТ
CT-KZ НЫСАНЫ
2. Тауарды алушы
(атауы және пошталық мекен-жайы)
_________________________________ берілді
(елдің атауы)
3. Тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсаты
5. Қызметтік ескертулер үшін
6. №
7. Орындар саны және қаптама түрі
8. Тауардың сипаттамасы
9. Шығу тегінің өлшемдері
10. Брутто/нетто салмағы (килограмм)
11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады
______________________________
Атауы/ Мекен-жайы/
______________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба ______________________________
Күні
12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.
____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/Электрондық цифрлық қолтаңба
____________________________________
Күні
"CT-KZ" НЫСАНДАҒЫ ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ № ___________
СЕРТИФИКАТҚА ҚОСЫМША ПАРАҚ
6. №
7. Орындар саны және қаптама түрі
8. Тауардың сипаттамасы
9. Шығу тегінің өлшемдері
10. Брутто/нетто салмағы (килограмм)
11. Куәлік. Осы арқылы өтініш берушінің декларациясы шындыққа сәйкес келетіні куәландырылады
_________________________________
Атауы/Мекен-жайы _________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба _________________________________
Күні
12. Өтініш берушінің декларациясы:
Төменде қол қоюшы жоғарыда көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келетінін, барлық тауарлар толығымен Қазақстан Республикасында өндірілгенін және жеткілікті өңдеуден/қайта өңдеуден өткенін және олардың барлығы да осындай тауарларға қатысты белгіленген шығу тегінің талаптарына сәйкес екендігін мәлімдейді.
________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/ Электрондық цифрлық қолтаңба________________________________
Күні