БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16064 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
№
Ұялы байланыс қызметтерінің сапа көрсеткішінің атауы
Көрсеткіштің мәні
Дауыс байланысы қызметтерінің сапа көрсеткіштері
1
Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі
3%
2
Тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі
2.5%
3
Абоненттің бастамасынсыз орнатылған қосылулардың ажырауымен аяқталған шақырулардың үлесі
3%
4
Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі
(MOS POLQA < 2,8)
8%
5
Ұялы байланыс желісінде сол өңірдегі ұялы байланыс желісімен телефон қосылуын орнатуды аяқтаудың орташа уақыты
8 сек
Ұялы байланыс операторының лицензиялық міндеттемелеріне сәйкес жылжымалы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері
1
HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі
95%і
2
"Төмен" бағыты бойынша FTР серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі
95% 1
3
HTTP WEB-парақшасын жүктеу сессияларының сәтті әрекеттерінің үлесі
95% іі
4
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткішінің үлесі "төмен" желісі бойынша 2 Мбит/с кем (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес Д0, Д1, Д2, Д3 классы үшін)ііі
10%
5
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткішінің үлесі 3G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 1 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)
10%
6
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткішінің үлесі 4G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 5 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)
10%
Байланысты қамтудың сапа көрсеткіштері
№
Көрсеткіш
Елді мекеннің типі іv
1
2
3
4
1
RSSІ (Receіved Sіgnal
Strength Іndіcator) - 2G технологиясындағы сигнал деңгейінің көрсеткіші, dBm.
Бастапқы мәні v
≤-75
≤-85
≤-95
≤-95
Рұқсат етілген пайыз vі, %
5
10
10
10
2
CPІCH RSCP – 3G технологиясындағы сканерлеуші қабылдағышының кіруінде қабылданатын пайдалы сигналдың деңгейі, dBm.
Бастапқы мәні
≤ -80
≤-90
≤-100
≤-105
Рұқсат етілген пайыз, %
10
10
10
10
3
Ec/Іo – 3G технологиясындағы шуға пайдалы сигналдың қатысы, dB
Бастапқы мәні
<15
<15
<15
<15
Рұқсат етілген пайыз, %
10
10
5
15
4
RSRP-4G технологиясының сканерлеуші қабылдағышының кіруіндедегі қабылданған тірек сигналдар күшінің орташа мәні, dBm
Бастапқы мәні
≤ -100
≤ -105
≤ -105
Нормалауға жатпайды
Рұқсат етілген пайыз, %
5
10
15
Тіркелген байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтері сапасының көрсеткіштері
Қосылу түрі
Байланыс арнасының өткізу қабілеті, Мбит/с
ІP-пакеттердің кідіру уақыты, артық емес
ІP-пакеттердің кідіру вариациясы, артық емес
ІP пакеттерін жоғалту, артық емес
ТОБЖ бойынша ұйымдастырылған байланыс арналары бойынша деректерді өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасында беру кезінде
тарифтік жоспарда, шартта белгіленген мәннен кемінде 70%
20 мс
10 мс
0,2%
Деректерді ТОБЖ+өрілген жұп, РРЛ+өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы өрілген жұп типті байланыстың құрамдас арналары бойынша беру кезінде
150 мс
50 мс
0,3%
Өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы бір жерсеріктік учаскемен байланыстың құрамдас арналары бойынша деректерді беру кезінде
400 мс
50 мс
0,5%
Аббревиатуралар мен қысқартулар тізімі:
MOS – сөйлеу түсінігін орташа бағалау
HTTP – деректерді жіберу хаттамасы
FTP – желі бойынша файлдарды жіберу хаттамасы
WEB - интернет кеңістік
ІP – желіаралық хаттама
ТОБЖ – талшықты-оптикалық байланыс желісі
Ескертпе:
_______________________________
і деректерді (тестілік файлдарды) жүктеудің сәтсіз талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде деректерді жүктеу талаптарының жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;
іі HTTP WEB парақты жүктеудің сәтті талаптары санының белгілі уақыт кезеңінде HTTP WEB-парақты жүктеу талаптарының жалпы санына пайызбен көрсетілген қатынасы;
ііі Өлшеулер жүргізілетін орындар кластары:
С1С - Әуежайлар, теміржол/сапаржай вокзалдары, бизнес орталықтары, әкімшілік кешендер, көрмелік алаңдар, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындары
Д0 - 1 миллионнан астам халқы бар қалалар
Д1 - Республикалық маңызы бар және (немесе) халқы 300 мың адамнан асатын қалалар
Д2 - Қалалық жер (халқы 50000-нан 300000 адамға дейін болатын орта және үлкен қалалар)
Д3 - 50000 адамға дейінгі халқы бар ауылдық жерлер және шағын қалалар
О1С - Келіп түскен өтініштер негізіндегі өлшемдер
іv құрылыстардың тығыздығына байланысты елді мекендердің типтері:
1 - құрылыс тығыздығы жоғары қала (үй-жайлардың сыртынан);
2 - құрылыс тығыздығы төмен қала, шеттегі аймақтар (үй-жайлардың сыртынан);
3 - ауылдық жер (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған, үй-жайлардың сыртынан);
4 - автомобиль жолдары (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес желімен қамтылған)
v әртүрлі елді мекендер типтерінде желінің қолжетімділігі қамтамасыз етілетін бос кеңістіктің қабылдау нүктелеріндегі сигналдың ең төменгі деңгейі сигналдың таралуы кезінде өшуімен (бөгеуілдерді ескере отырып) айқындайды;
vі бастапқы мәндердің жол берілетін пайызы көрсетілген технологиялардың желісімен қамтылған учаскелерде алынған мәндердің жалпы санынан бастапқы мәннен төмен мәндердің үлесі ретінде есептеледі.