Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нотариаттық куәліктердің, қаулылардың, нотариустар куәландырған құжаттардағы және мәмілелердегі куәландыру жазбаларының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ 94) және 95) тармақшалармен мынадай редакциядағы толықтырылсын:

      "94) нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы;

      95) қағаз жеткізгіште нотариус дайындаған құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы.

      осы бұйрыққа 1, 2 - қосымшаларға сәйкес 94, 95-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 342 бұйрығына
1-қосымша   Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 104 бұйрығына
94-қосымша

нотариус дайындаған электрондық құжаттың қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы

      "___" ____________ жыл

      Мен, __________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)) нотариус (жекеше нотариусқа мемлекеттік

      лицензия берген орган

      _________________________________________________________________________

      және нөмірі, берілген күні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше

      нотариустың нотариаттық округының атауы)

      нотариус дайындаған электрондық құжаттың мазмұны маған қағаз жеткізгіште ұсынылған құжаттың мазмұнымен бірдей екенін растаймын.

      Осы электрондық құжат маған қағаз тасығышта ұсынылған құжатпен бірдей және де сол заңды күшке ие.

      Тізілімде № ________________ тіркелді

      Өндірілді:_______________

      Мөр Нотариус ____________________

      (қолы)

  бұйрығына
2-қосымша   Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 104 бұйрығына
94-қосымша

қағаз жеткізгіште нотариус дайындаған құжаттың электрондық құжатпен бірдейлігін куәландыру туралы куәландыру жазбасы

      "___" ____________ жыл

      Мен, __________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)) нотариус (жекеше нотариусқа мемлекеттік

      лицензия берген орган

      __________________________________________________________________________

      және нөмірі, берілген күні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше

      нотариустың нотариаттық округының атауы)

      мен қағаз тасығышта дайындаған құжаттың мазмұны маған ұсынылған электрондық құжаттың мазмұнымен бірдей екенін растаймын.

      Маған ұсынылған электрондық құжатқа қол қойған нотариустың электрондық қолы және оның осы тұлғаға тиесілігі тексерілді.

      Осы қағаз тасығыштағы құжат маған ұсынылған электрондық құжатпен бірдей және сол заңды күшке ие.

      Тізілімде № ________________ тіркелді

      Өндірілді:_______________

      Мөр Нотариус ____________________

      (қолы)

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.