БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидалары:
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
"12-1 әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза туралы соттардың шығарылған және орындалған қаулылары бойынша ай сайын салыстырып тексеруді жүргізуді қамтамасыз етеді.".
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
нысан
№ р/н
Әкімшілік қамауға алынған адамның Т.А.Ә (ол болған жағдайда)
Соттың атауы, қаулының шығарылған күні, қамау мерзімі
Құқық бұзушылықтың түрі (ӘҚБтК бабы, бөлігі)
Қамау күні және уақыты
Босатылған күні және уақыты
Ескерту
Актіні жасаған қызметкердің қолы_____________________________________________