Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 және "Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты беру, ұзарту және кері қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді дакто-, фото есепке алуды қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. 1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 болып тіркелген) бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидаларының 14-тармағының он бірінші абзацының, 34-1-тармағының 10) тармақшасының, 38-тармағы;

      2) күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 15.04.2022 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орынластыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.