Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8927 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүзеге асыралатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Есеп комитеті аппаратының Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрайымы |
Н. Годунова |
| Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 12-НҚ Нормативтік қаулыға Қосымша |
|
| Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 207-н/қ бұйрығына қосымша |
Р/с № | Міндеттер, соның ішінде функциялар, өкілеттіктер, міндеттер атауы | Жүзеге асырылатын міндет шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары | Белгілі бір мақсат үшін дербес деректердің атауы | Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету |
1 | Мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету | Кадрлар іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру |
1. Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі |
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы |