ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
1. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 № 197 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өзгерістер енгізілетін ҚазақстанЕскерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.