БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Оқушылардың санаттары мынадай мамандықтар бойынша бөлінеді:
1) өрт сөндірушілер.
Оқыту осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес өрт сөндірушілерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
2) негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілері. Оқыту осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
3) радиотелефонистер.
Оқыту осы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес радиотелефонистерді алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі;
4) өрттің алдын алу нұсқаушылары.
Оқыту осы Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес өрттің алдын алу нұсқаушыларын алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі; 5) газ-түтіннен қорғау қызметінің шеберлері.
Оқыту осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес газ-түтіннен қорғау қызметі шеберлерін даярлаудың тақырыптық жоспары бойынша жүргізіледі.";
көрсетілген Бағдарламаға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Бағдарламаға 6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Р/с №
Бөлімдер мен тақырыптардың атауы
Сағат саны
Өрт сөндірушілер
Барлығы
Сыныптық-топтық
Практикалық
1
2
3
4
5
I. Өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық база
1
Объектідегі өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілер
1
1
-
Барлығы:
1
1
-
II. Өрттің алдын алу дайындығы
1
Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар
1
1
-
2
Құрылыс материалдарының түрлері және олардың жанғыштығы
-
-
-
3
Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы шаралары. От және жөндеу жұмыстары өндірісіндегі өртке қарсы іс-шаралар
1
-
1
4
Күзетілетін объектілердегі өрт қауіпсіздігі қағидалары
1
1
-
5
Ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен қамту
1
1
-
6
Түтіннен қорғау және адамдарды құлақтандыру өрт сөндіру жүйелерінің қол және автоматты өрт сигнализациясы қондырғылары
-
-
-
Барлығы:
4
3
1
III. Өрт-техникалық дайындық
1
Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі мен жарағы. Дабыл бойынша жиналу, шығу және өрт орнына бет алу
1
-
1
2
Өрт сөндіру машиналары мен мотопомпалардың тактикалық-техникалық сипаттамалары
3
1
2
3
Өрт сөндіру машиналарымен шығарылатын өрт-техникалық жабдықтары
1
-
1
4
Қол өрт сатылары
1
-
1
5
Өрт жеңдері, жеңдік жабдықтар, өрт сөндіру оқпандары
2
-
2
6
Көбікті өрт сөндіру құралдары мен жабдықтары.
1
-
1
7
Өрт сөндіргіштер
1
1
-
8
Өртке қарсы қызметтегі байланыс
1
-
1
Барлығы:
11
2
9
IV. Өрт сөндіру-құтқару дайындығы
1
Өрт жеңдерімен, оқпандарымен, жеңдік арматуралармен және керек-жарақтарымен жаттығу
2
-
2
2
Өрт сатыларымен жаттығу
1
-
1
3
Құтқару арқанымен жаттығу. Құтқару және өзін-өзі құтқару
1
-
1
4
Өртте конструкцияларды ашу және құру
1
-
1
5
Су көзіне қойылған өрт сөндіру автомобилінен (мотопомпалар) жауынгерлік өрістету. Жауынгерлік өрістету кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті
2
-
2
Барлығы:
7
-
7
V. Өрт-тактикалық дайындығы
1
Жану және жанғыш заттар, өрт және оның өршуі туралы жалпы мәліметтер. Өртте жануды тоқтататын негіздер.
2
2
-
2
Өрт бөлімшелерінің түрлері және олардың тактикалық мүмкіндіктері туралы түсінік.
1
1
-
3
Өртті барлау. Өртті барлау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті.
1
1
-
4
Өрттегі іздеу-құтқару жұмыстары. Адамды құтқару және мүлікті эвакуациялау кезіндегі өрт сөндірушінің іс-әрекеті.
1
-
1
5
Күзетілетін объектілердегі өрттерді сөндіру тактикасы.
4
2
2
Барлығы:
9
6
3
VI. Өртте зардап шеккендерге дәрігерге дейін көмек көрсету
1
Қан кеткенде тоқтатудың негізгі қағидалары
1
1
-
2
Жасанды тыныс алдыру мен жүрек тұсынан сырттан (тікелей емес) уқалаудың негізгі қағидалары мен әдістері. Соғысын анықтау
1
-
1
3
Жарақат алғанда, шытынағанда, буыны тайғанда, сынғанда дәрігерге дейін көмек көрсету әдістері
1
-
1
4
Термиялық және химиялық күйгенде, үсігенде дәрігерге дейін көмек көрсету әдістері
1
-
1
Барлығы:
4
1
3
VII. Қауіпсіздік техникасы
1
Қызмет өткеру және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік шаралары
2
2
-
Барлығы:
2
2
-
Емтихан тапсыру
2
1
1
Барлық сағат:
40
16
24