Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізі туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, мамандандырылған, арнайы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      146-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.";

      175-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ отбасына көмек бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтерді, мүгедектігі бар балаларды оңалтудың техникалық және өзге де қосалқы құралдарын алу бойынша консультация береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық сабақтар өткізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.