ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 28.02.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы1. Осы Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алу мақсатында сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар;
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.
3. Тізбені қалыптастыру үшін уәкілетті орган:
1) жұмыс берушілермен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіптер туралы "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамына;
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталының бос жұмыс орындарына талдау жүргізеді.
4. Уәкілетті орган осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес жүргізілген талдау негізінде Тізбенің жобасын қалыптастыруға мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасына (бұдан әрі – ҰКП) келісуге жібереді.
5. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ҰКП Тізбе жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тізбе жобасын келіседі немесе уәкілетті органға ұсыныстар жолдайды.
Егер Тізбенің жобасы он жұмыс күнінен астам келісуде болса және ол бойынша жауап берілмесе, онда Тізбенің жобасы әдепкі бойынша "келісілген" болып есептеледі.
6. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып Тізбені бекітеді.
Қазақстан РеспубликасыЕскерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Білім беру саласының атауы
Ұлттық сыныптауыштың 01-2017 қызметтердің тобы
Кәсіптің атауы
Денсаулық сақтау
2217-4-001
Дәрігер-нейрохируг
2211-7-002
Дәрігер-гематолог
2211-7-004
Дәрігер-онколог
2215-2-002
Дәрігер-неонатолог
2212-1-001
Дәрігер-эндокринолог
2212-7-001
Анестезиолог-реаниматолог
2214-8-001
Дәрігер акушер-гинеколог
2215-1-001
Дәрігер-педиатр
2216-3-002
Сәулелік диагностика дәрігері
Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
2145-9-005
Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
2145-9-006
Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
2145-9-007
Фармацевтика өнеркәсібінің инженер-технологы
2146-9-006
Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші
2144-4-023
Авиациялық инженер
2144-5-003
Ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері
2149-9-001
Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер
2149-9-002
Лазерлік жабдық жөніндегі инженер
2149-9-011
Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші
2149-9-012
Инженер-медициналық радиохимик
2149-9-013
Инженер-медициналық физик
2149-9-015
Тоқыма шикізатының классификаторы
2131-5-001
Бактериолог
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі салаларында
2521-2-001
Ақпараттық технологиялық-инфрақұрылымының архитекторы
2511-3-001
Бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы
2512-1-007
Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші
2512-1-008
Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман
2512-2-003
Мобильді қосымшаларды әзірлеуші
2512-3-001
Компьютерлік ойындарды әзірлеуші
2519-9-001
Жасанды интеллект жөніндегі инженер
2521-1-003
Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман
2523-0-006
Ақпараттық жүйелер сәулетшісі
2519-9-002
Қосымшалар бағдарламашысы
2511-2-001
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушы
2512-1-001
Бағдарламалық қамтылым дизайнері
2512-1-003
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларының менеджері
2524-0-003
Ақпаратты қорғау жөніндегі инженері
2529-0-001
Бұлтты есептеу жөніндегі маманы
2141-3-001
Автоматтандыру жөніндегі инженер
2512-2-001
World Wide Web-әзірлеуші
2512-1-005
Бағдарламашы-талдаушы
2317-0-003
Оқытушы, доцент, ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету профессоры, жоғарғы оқу орны
2524-0-007
Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман
2522-0-003
Сервер әкімшісі
2512-2-004
Қосымшалар әзірлеушісі
2524-0-006
Ақпаратты қорғау жөніндегі маман
Педагогикалық ғылымдар
2338-1-001
Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)
Креативті индустрия саласында
2166-1
Графикалық дизайнер
2166-2
Графикалық анимация технигі
2651-3-004
Суретші-иллюстратор
3521-2-004
Дыбыс инженері
3521-3-003
Бейнемонтажер