БҰЙЫРАМЫН:
1. "Байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16064 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген байланыс қызметтері сапасының көрсеткіштері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларының орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрлігі
2023 жылғы 18 мамырдағы№
Ұялы байланыс қызметтерінің сапа көрсеткішінің атауы
Көрсеткіштің мәні
Дауыс байланысы қызметтерінің сапа көрсеткіштері
1
Ұялы байланыс желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі
3%
2
Тіркелген телефон байланысы желісінің абонентімен қосылуды орнату кезінде шақырулардың жалпы санынан сәтсіз шақырулардың үлесі
2.5%
3
Абоненттің бастамасынсыз орнатылған қосылулардың ажырауымен аяқталған шақырулардың үлесі
3%
4
Сөздерді беру сапасы бойынша нормативтерді қанағаттандырмайтын шақырулардың үлесі (MOS POLQA < 2,8)
8%
5
Ұялы байланыс желісінде сол өңірдегі ұялы байланыс желісімен телефон қосылуын орнатуды аяқтаудың орташа уақыты
8 сек
Жылжымалы байланыс желілері арқылы Интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері
1
HTTP серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі
95%і
2
"Төмен" бағыты бойынша FTР серверінен деректерді жүктеудің сәтті сессияларының үлесі
95%1
3
HTTP WEB-парақшасын жүктеу сессияларының сәтті әрекеттерінің үлесі
95%іі
4
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі "төмен" желісі бойынша 2 Мбит/с кем (лицензиялық міндеттемелерге сәйкес Д0, Д1, Д2, Д3 классы үшін)ііі
10%
5
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 3G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 1 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)
10%
6
FTP серверінен деректерді жүктеудің орташа жылдамдығы көрсеткіш мәндерінің үлесі 4G технологиясындағы "төмен" желісі бойынша 5 Мбит/с кем (С1С, О1С классы үшін)
10%
Байланысты қамтудың сапа көрсеткіштері
№
Көрсеткіш
Елді мекеннің тип
1
2
3
4
1
RSSІ (Receіved Sіgnal Strength Іndіcator) - 2G технологиясындағы сигнал деңгейінің көрсеткіші, dBm.
Бастапқы мәніv
≤-75
≤-85
≤-95
≤-95
Рұқсат етілген пайыз, %
5
10
10
10
2
CPІCH RSCP – 3G технологиясындағы сканерлеуші қабылдағышының кіруінде қабылданатын пайдалы сигналдың деңгейі, dBm.
Бастапқы мәні
≤ -80
≤-90
≤-105
≤-105
Рұқсат етілген пайыз, %
10
10
10
10
3
Ec/Іo – 3G технологиясындағы шуға пайдалы сигналдың қатысы, dB
Бастапқы мәні
<15
<15
<15
<15
Рұқсат етілген пайыз, %
10
10
15
15
4
RSRP-4G технологиясының сканерлеуші қабылдағышының кіруіндедегі қабылданған тірек сигналдар күшінің орташа мәні, dBm
Бастапқы мәні
≤ -100
≤ -105
Нормаланбайды
Нормаланбайды
Рұқсат етілген пайыз, %
5
10
15
Нормаланбайды
Тіркелген байланыс желілері арқылы интернетке қол жеткізу қызметтерінің сапа көрсеткіштері
Қосылу түрі
Байланыс арнасының өткізу қабілеті, Мбит/с
ІP-пакеттердің кідіру уақыты, артық емес
ІP-пакеттердің кідіру вариациясы, артық емес
ІP пакеттерін жоғалту, артық емес
ТОБЖ бойынша ұйымдастырылған байланыс арналары бойынша деректерді өлшеу объектісі мен оператордың деректерді беру желісінде орналасқан тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасында беру кезінде
тарифтік жоспарда, шартта белгіленген мәннен кемінде 80%
20 мс
10 мс
0,20%
Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан деректерді ТОБЖ+өрілген жұп, РРЖ+өрілген жұп өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы байланыстың құрамдас арналары бойынша беру кезінде
150 мс
50 мс
0,30%
Оператордың деректерді беру желісінде орналасқан өлшеу объектісі мен тест сервері/бақылаудың аппараттық құралы арасындағы бір жерсеріктік учаскемен байланыстың құрамдас арналары бойынша деректерді беру кезінде
800 мс
100 мс
0,50%