БҰЙЫРАМЫН:
1. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген амбулаториялық-емханалық ұйымдарында пайдаланылатын медициналық есепке алу құжаттамасының нысандары:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/е нысанымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізлімінде № 2423 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасы1. Жалпы ережелер
Баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________
ЖСН_____________________________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________________
Жынысы__________________________________________________________________
Үйінің мекенжайы (немесе интернат үлгісіндегі ұйымның мекенжайы)_____________
Заңды өкілдер туралы мәліметтер:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тіркеу емханасы ___________________________________________________________
Қан тобы ______________ Резус-факторы ______________________________________
Мүгедектік (иә / жоқ)_______________ топ _____________________________________
Бала диспансерлік есепте тұр ма (иә / жоқ)______________________________________
Диагноз (АХЖ-10 коды)*____________________________________________________
Диспансерлік есепке алу күні _________________________________________________
* B20-B24, F00-F99 диагноздарды қоспағанда
1-кесте. Ұйымдардың сипаттамасы
Түсу айы, жылы
Ұйымдардың сипаттамасы
Мектепке дейінгі
Жалпы орта білім беру ұйымы
Интернат үлгісіндегі ұйымы
Жалпы
Түзету
Жалпы
Түзету
Жалпы
Түзету
2. Анамнестикалық мәліметтер
2-кесте. Аллергоанамнез
Аллергия (ия/жоқ)______________
Аллергия түрі*
Аллерген
Қай жастан бастап
Диагноз қойылған жыл
Ескертпелер
* Аллергия түрі: вакциналық, дәрілік, аллергиялық аурулар.
3-кесте. Балалық шақтағы жұқпалы аурулар
Аурулар
Жыл
Аурулар
Жыл
Қызылша
Дифтерия
Көкжөтел
Туберкулез
Жаншәу
Эпидемиялық паротит
Іш сүзегі
Желшешек
Қызамық
Вирустық гепатит (А, В, С, Д)
4-кесте 4. Ауруханаға жатқызу туралы мәліметтер
(жарақаттарды, операцияларды қоса алғанда)
Күні (басталған күннен бастап аяқталған күніне дейін)
(АХЖ-10 коды) диагнозы
Медициналық ұйым
5-кесте. Санаторлық-курорттық (және оған теңестірілген) емдеу туралы мәліметтер
Күн
Диагнозы (АХЖ-10 коды)
Ұйым
Бейін
Климаттық аймақ
6-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы еңбекке уақытша жарамсыздық туралы мәліметтер
Анықтама берілген күні
Диагнозы (АХЖ-10 коды)
Анықтама берген медициналық ұйым
Дәрігердің ТӘЖ
бастап
дейін
3. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес "Профилактикалық екпелердің картасы" № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер болуы туралы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық медициналық қарап-тексерулердің мәліметтері (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № № 21820 болып тіркелген).
7-кесте. Соңғы күнтізбелік жылдағы профилактикалық тексерулер туралы мәліметтер*
Параметрлер
ағымдағы жасқа арналған соңғы күнтізбелік жылдағы профилактикалық қарап-тексерулер туралы мәліметтер
Зерттеп-қарау күні
Бойы
Салмақ
Қорытынды диагноз (оның ішінде негізгі және ілеспе аурулар)
Денсаулық тобы
Дене шынықтыру сабақтар үшін медициналық тобы
Ұсыныстар
* Жүргізілген өзекті профилактикалық қарап тексерулер туралы мәліметтер болмаған жағдайда баланың тіркелген жері бойынша емханаға жүгіну ұсынылады.
8-кесте.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультацияға (бұдан әрі – ПМПК) жіберу туралы мәліметтер*
ПМПК-ға жіберілген күні
Диагнозы (АХЖ-10 коды)
ПМПК өткендігі туралы белгі
* болған жағдайда