Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 903 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29404 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2024 жылғы 24 қаңтардағы
№ 34 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы
министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 903 бұйрығымен
бекітілген

Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

№

Атауы

1. Тауарлар

1

Кеңсе тауарлары

2

Шаруашылық тауарлары

3

Жуу құралдары

4

Азық-түлік тағамдары

5

Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар

6

Құрылыс материалдары

7

Электр тауарлары

8

Сантехникалық тауарлар

9

Қосалқы бөлшектер

10

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары

11

Жиһаз өнімі

2. Қызметтер

1

Күзет және өрт дабылы қызметтері

2

Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)

3

Полиграфиялық қызметтер

3. Жұмыстар

1

Үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.