БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін және Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киімнің (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 30/98 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7528 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы ережесінде:
"1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін анықтайды.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Р/с
№
Атауы
Бекітіліп берілген әріптік символ
1
Астана қаласы
Z
2
Алматы қаласы
A
3
Шымкент қаласы
Y
4
Ақмола облысы
C
5
Алматы облысы
B
6
Жетісу облысы
J
7
Ақтөбе облысы
D
8
Атырау облысы
E
9
Шығыс Қазақстан облысы
F
10
Абай облысы
Q
11
Жамбыл облысы
H
12
Батыс Қазақстан облысы
L
13
Қарағанды облысы
M
14
Ұлытау облысы
U
15
Қызылорда облысы
N
16
Қостанай облысы
P
17
Маңғыстау облысы
R
18
Павлодар облысы
S
19
Солтүстік Қазақстан облысы
T
20
Түркістан облысы
X