Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      Жолдамаларды беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары бойынша белгілейді.

      Киікке әуесқойлық (спорттық) аң аулауға берілген жолдаманың қолданылу мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылық шаруашылығының ішкі регламентіне сәйкес аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылардың барынша шекті мөлшері болған жағдайларда бас тартылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.