Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10545 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім шеңберінде қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2022-2027 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 1 пайыз мөлшерінде белгіленсін.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін 2023-2025 жылдардың қорытындысы бойынша таза кірістің бір бөлігін аудару нормативі 0,5 % мөлшерінде белгіленсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.