БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
Е. Нурлыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 17 наурыздағы № 22 Бұйрыққа қосымша |
|
| Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.dsm.gov.kz интернет-ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: "Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын, диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімі".
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: І ДЕТ.
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: ____________20___жылғы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы:
1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесі;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
1) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларына ақпаратты есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынады;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары ақпаратты Министрлікке есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.
ЖСН/БСН
Жинау әдісі – қағаз және электронды түрде.
____________________________________________________________облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесі
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні | Тізімді жіберген мекеменің атауы | Диагнозы/ ДЕТ | Босатылған сәтінде | Босатылған күні | Мекенжайы (үй және сотталғанның көрсеткен мекенжайы); нақты үйінің мекенжайы (арнайы бөлім бойынша) | |
ТМБ + / – | Емдеуді бастау күні, емдеу схемасы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Телефоны ______________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _____________________________ қолы_______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам____________________________
__________________________ қолы____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрдің орны (бар болған жағдайда) (жеке кәсіпкерлер болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда) ______________________________________________
Ескертпе: "Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын, диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада көрсетілген.
Атауы:___________________________
Мекенжайы:______________________
_________________________________ _______________________________
| "Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын, диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімі" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
1. Нысанның "Реттік нөмірі" деген 1-бағанында реті бойынша нөмірлеу көрсетіледі және кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;
2. Нысанның 2-бағанында адамдар туралы жеке деректер көрсетіледі;
3. Нысанның 3-бағанында адамдардың тізімін жіберген мекеменің атауы көрсетіледі;
4. Нысанның 4-бағанында диагнозы мен ДЕТ көрсетіледі;
5. Нысанның 5 және 6-бағандарында туберкулез микробактериясы мен емнің тағайындалған күні, босатылған сәттегі емнің схемасы туралы мәлімет көрсетіледі;
6. Нысанның 7-бағанында босатылған күні туралы мәлімет көрсетіледі;
7. Нысанның 8-бағанында мекенжайы көрсетіледі.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
І ДЕТ - диспансерлік есепке алу тобы;
ТМБ – туберкулез микобактериялары.