Конституциялық Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 11, 72-құжат; 2008 ж., № 13-14, 53-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемлекеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 2-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін
              дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан
              Республикасының заңнамасы»;
      мәтіндегі «орналастыру» деген сөз «дайындау» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 4-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін.»;
      4) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) нотариустардың мөрлерiнде;»;
      5) 8-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олардың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;»;
      6) 10-баптың 4) тармақшасындағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.»;
      7) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
      8) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін
               дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан
               Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi                                          Н.НАЗАРБАЕВ
 
 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.