Заң
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) толықтыру енгізу туралы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз
      ҚР Конституциялық Сотының 11.07.2023 № 20 нормативтік қаулысымен осы Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келеді деп танылды.

      1-бап. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) мынадай толықтыру енгізілсін:

      30-баптың 3-тармағының 5) тармақшасы "аудит жөніндегі уәкiлетті органға" деген сөздерден кейін "және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ