Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2017 № 231 қаулысымен.2. Жауапты мемлекеттік органдар мен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жобалардың іске асырылу барысының мониторингі бойынша ақпарат берсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен.4. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов Қазақстан Республикасы
Ескерту. Индустрияландыру картасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.12.2020 № 878 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
Р/скестенің жалғасы
1
2
3
4
5
6
1.
Болат өндiрiсiн жылына 5 млн тоннаға дейiн ұлғайту
ИИДМ
Қарағанды облысы
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ
2010 – 2022 жылдар
2.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
3.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
4.
Рельсті арқалық зауытын салу
ИИДМ, Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысы
"Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС
2012 – 2015 жылдар
5.
Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу
ИИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ
2010 – 2022 жылдар
6.
Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу
ИИДМ
Жамбыл облысы
"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС
2011 – 2021 жылдар
7.
Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу
ИИДМ
Қызылорда облысы
"Орда Гласс" ЖШС
2013 – 2021 жылдар
8.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
9.
Интеграцияланған газ-химия кешенін салу (бірінші фаза)
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
Атырау
облысы
"Kazakhstan
Petrochemical
Industires Inc." ЖШС,
"АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС
2010 – 2022 жылдар
10.
Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
Атырау
облысы
"KLPE" ЖШС
2010 – 2025 жылдар
11.
К5 экологиялық класты мотор отынының өндірісі
ЭМ
Батыс Қазақстан облысы
"Конденсат" АҚ
2012 – 2016 жылдар
12.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
13.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
14.
"Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу
ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
Қызылорда облысы
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ
2014 – 2023 жылдар
15.
Қарағанды кешенді қорытпа зауытын салу
ИИДМ
Қарағанды облысы
"Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты" ЖШС
2011 – 2022 жылдар
16.
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.10.2021 № 762 қаулысымен.
17.
Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
ИИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша)
Жамбыл облысы
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС
2014 - 2021 жылдар
18.
Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту (2-кезең)
ИИДМ
Маңғыстау облысы
"ҚазАзот" ЖШС
2015 – 2021 жылдар
19.
Минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты жаңғырту
ИИДМ
Жамбыл облысы
"Қазфосфат" ЖШС
2015 – 2020 жылдар
20.
Кальцийлендірілген сода өндіру зауытын салу
ИИДМ
Қызылорда облысы
"АралСода" ЖШС
2017 – 2021 жылдар
21.
Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын өндіретін зауыт салу
ИИДМ
Алматы қаласы
"Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" ЖШС
2015 – 2018 жылдар
22.
Ферросилиций өндіру зауытын салу
ИИДМ
Қарағанды облысы
"YDD Corporation" ЖШС
2017 – 2019 жылдар
23.
Ақтоғай КБК өңдеу қуатын жұмыс істеп тұрған сульфидий фабрикасын қайталау арқылы кеңейту
ИИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"KAZ Minerals Aktogay" ЖШС
2018 – 2021 жылдар
24.
ЭТБЭ/МТБЭ және ұнтақ полипропилен шығаратын зауыт салу
ЭМ
Шымкент қаласы
"Шымкент Химия Компаниясы" ЖШС
2017 – 2022 жылдар
25.
Тау-кен комбинаты құрылысы және "Айдарлы" мыс кен орнын және "Жанар" жерасты суы кен орнын өнеркәсіптік игеру
ИИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"Айдарлы Проджект (AidarlyProject)" ЖШС
2019 – 2069 жылдар
26.
Ақмола облысы Бурабай және Бұланды аудандарында инженерлік инфрақұрылымын орналастырумен жылына 5,0 млн тонна кен өндіретін тау-кен гидрометаллургия кешенінің құрылысы
ИИДМ
Ақмола облысы
"RGProcessing" ЖШС, "RGGold" ЖШС
2018 – 2022 жылдар
27.
Қуаты жылына 400 000 тонна кальцийленген сода зауытының құрылысы
ИИДМ
Жамбыл облысы
"Qazaq-Soda" ЖШС
2020 – 2022 жылдар
28.
Екібастұз қаласында ферроқорытпа зауытын салу
ИИДМ
Павлодар облысы
"EkibastuzFerro Alloys" ЖШС
2021 – 2023
жылдар
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ
-
акционерлiк қоғам
ЖШС
-
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
ИИДМ
-
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
МӨЗ
-
мұнай өңдеу зауыты
МХЗ
-
мұнай-химия зауыты
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ
-
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ
-
"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы
ЭМ
-
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi