Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2023 № 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін.
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Индустрияландыру картасы туралы"
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1. "Қоса беріліп отырған индустрияландыру картасы бекітілсін.
2. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтер ай сайынғы негізде, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген индустрияландыру картасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Р/с
№
Жобаның атауы
Жауапты мемлекеттiк орган және/немесе ұлттық холдинг
Өңiр
Жобаға өтiнiш берушi
Iске асыру мерзiмi*/ жобаның статусы
1
2
3
4
5
6
1.
Болат өндiрiсiн жылына 6 млн. тоннаға дейiн ұлғайту
ИДМ
Қарағанды облысы
"Арселор Миттал Темiртау" АҚ
2010 – 2018 жылдар
2.
Бозшакөл КБК-сін салу
ИДМ
Павлодар облысы
"Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)" ЖШС
2010 – 2015 жылдар
3.
Ақтоғай КБК-сін салу
ИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"KAZ Minerals Aktogay (КАЗ Минералз Ақтоғай)" ЖШС
2011 – 2017 жылдар
4.
Рельсті арқалық зауытын салу
ИДМ, Ақтөбе облысының әкімі
Ақтөбе облысы
"Ақтөбе рельсті арқалық зауыты" ЖШС
2012 – 2015 жылдар
5.
Өскемен қаласында толық циклдi автозауыт және автоқұрамдауыштар шығаратын технопарк салу
ИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"АЗИЯ АВТО Қазақстан" АҚ
2010 – 2018 жылдар
6.
Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт салу
ИДМ
Жамбыл облысы
"ЕвроХим-Тыңайтқыш" ЖШС
2011 – 2018 жылдар
7.
Қызылорда қаласында қуаты жылына 197,1 мың тонна табақты шыны өндіретін және өңдейтін зауыт салу
ИДМ
Қызылорда облысы
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ
2013 – 2017 жылдар
8.
Атырау МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту (мұнайды тереңдетіп өндеу кешенін салу)
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Атырау облысы
"Атырау МӨЗ" ЖШС
2010 – 2016 жылдар
9.
Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (бірінші фаза)
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Атырау облысы
"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС "АЛМЭКС ПЛЮС фирмасы" ЖШС
2010 – 2018 жылдар
10.
Интеграцияланған газ-химия кешенiн салу (екінші фаза)
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Атырау облысы
"KLPE" ЖШС
2010 – 2019 жылдар
11.
Экологиялық класы К5 мотор отынының өндірісі
ЭМ
Батыс Қазақстан облысы
"Конденсат" АҚ
2012 – 2016 жылдар
12.
Павлодар МХЗ-сын жаңғырту
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Павлодар облысы
"Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ
2010 – 2017 жылдар
13.
Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Оңтүстік Қазақстан облысы
"ПетроКазахстан ойл Продактс" ЖШС
2010 – 2018 жылдар
14.
"Шалқия" полиметалл кен орны базасында КБК салу
ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Қызылорда облысы
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ
2014 – 2019 жылдар
15.
"Масальское" темір кен орны базасында тау-кен металлургиялық кешенін салу
ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Ақмола облысы
"Масальский КБК" ЖШС
2015 – 2021 жылдар
16.
Қарағанды кешенді құйма зауытын салу
ИДМ
Қарағанды облысы
"Қарағанды кешенді құйма зауыты" ЖШС
2011 – 2018 жылдар
17.
Темір жолға арналған дөңгелектер шығару кешені
ИДМ
Павлодар облысы
"Проммашкомплект" ЖШС
2014 – 2017 жылдар
18.
Үшхлорлы фосфор және глифосат өндірісі
ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Жамбыл облысы
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС
2014 – 2018 жылдар
19.
Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту (2-кезең)
ИДМ
Маңғыстау облысы
"ҚазАзот" ЖШС
2015 – 2019 жылдар
20.
Минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытты жаңғырту
ИДМ
Жамбыл облысы
"Қазфосфат" ЖШС
2015 – 2020 жылдар
21.
Кальцилендірілген сода өндіретін зауыт салу
ИДМ
Қызылорда облысы
"АралСода" ЖШС
2015 – 2019 жылдар
22.
Үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын зауыт салу
ИДМ
Алматы қаласы
"Эйжа Стил Пайп Корпорейшн" АҚ
2015 – 2018 жылдар
23.
Тазартылған ферроқорытпа өндірісін құру
ИДМ
Павлодар облысы
"Қазхром" трансұлттық компаниясы" АҚ
перспективалық
24.
Металданған өнiмдер өндiретін зауыт салу
ИДМ
Қостанай облысы
"Соколов-Сарыбай кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi" АҚ
перспективалық
25.
Никель өнімдерін (никель штейні, перспективада тауарлық ферроникель де) өндіретін металлургиялық комбинат салу
ИДМ
Шығыс Қазақстан облысы
"SAT & Nikel" АҚ
перспективалық
26.
Бутадиен және синтетикалық каучук өндірісі
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Атырау облысы
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС
перспективалық
27.
Қарашығанақ және Қашаған кен орындары шикізаттарының базасында мұнай-химия өндірісін ұйымдастыру
ЭМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС
перспективалық
28.
Калий сульфаты өндірісі
ИДМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)
Жамбыл облысы
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС
перспективалық
* iске асырылуы республикалық бюджеттен қаражат бөлуге де байланысты жобалар бойынша іске асыру мерзімдері тиiстi кезеңдерге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат көлемiне байланысты нақтыланатын болады
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИДМ - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi
ЭМ - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамы
"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлiк қоғамы
МӨЗ - мұнай өңдеу зауыты
МХЗ - мұнай-химия зауыты
АҚ - акционерлiк қоғам
ЖШС - жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк