Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 09.07.2020 № 93-ө өкімімен.
Жоғары білім беру сапасын арттыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Nur Otan" партиясының хатшысы (келісу бойынша);
Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіби одағының төрағасы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісу бойынша);
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісу бойынша);
"Қазақстан Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша);
"ADAL BILIM" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жобалық офисінің төрағасы (келісім бойынша).
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімімен бекітілген |
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді іске асыратын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылады.
4. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
5. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) жоғары білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
6. Комиссия жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кенесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, кызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.