Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру мәселелері бойынша комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 199-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
| Премьер-Министр | А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 93-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
(келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
(келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті (келісу бойынша)
"Серпін - 2050" әлеуметтік жобасының республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті (келісу бойынша);
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары білім беру мектебінің деканы (келісу бойынша);
"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының өкілі, шетелдік сарапшы (келісу бойынша);
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының торағасы (келісу бойынша);
"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша);
BTS Digital білім беру жобаларының жетекшісі (келісу бойынша);
"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры (келісу бойынша);
Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры (келісу бойынша);
"Қазақстанның Азаматтық Альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша);
"МИСиС" NUST EDCRUNCH UNIVERSITI орталығының директоры (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры (келісу бойынша).
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 9 шілдедегі № 93-ө өкімімен бекітілген |
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оңтайландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
5. Кеңес мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.