"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 13) тармақшасына, "Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 810 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21214 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) 2-қосымшаға сәйкес "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) 3-қосымшаға сәйкес "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
4) 4-қосымшаға сәйкес "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
5) 5-қосымшаға сәйкес "Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) 6-қосымшаға сәйкес "Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) 7-қосымшаға сәйкес "Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) 8-қосымшаға сәйкес "Республикалық неміс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
9) 9-қосымшаға сәйкес "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
10) 10-қосымшаға сәйкес "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
11) 11-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
12) 12-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) 13-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Камератасы" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
14) 14-қосымшаға сәйкес "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
15) 15-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
16) 16-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
17) 17-қосымшаға сәйкес "Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) 18-қосымшаға сәйкес "Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) 19-қосымшаға сәйкес "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) 20-қосымшаға сәйкес "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21) 21-қосымшаға сәйкес "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22) 22-қосымшаға сәйкес "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23) 23-қосымшаға сәйкес "Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) 24-қосымшаға сәйкес "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25) 25-қосымшаға сәйкес "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
26) 26-қосымшаға сәйкес "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық- музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
27) 27-қосымшаға сәйкес "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
28) 28-қосымшаға сәйкес "Таңбалы" мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
29) 29-қосымшаға сәйкес "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
30) 30-қосымшаға сәйкес "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
31) 31-қосымшаға сәйкес "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
32) 32-қосымшаға сәйкес "П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
33) 33-қосымшаға сәйкес "Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
34) 34-қосымшаға сәйкес "А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
35) 35-қосымшаға сәйкес "О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
36) 36-қосымшаға сәйкес "Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар белгіленсін.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 36-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Г. Абдрахимов 2021 жылғы 16 сәуірдегі
Р/с №
Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауы
Өлшем бірлігі
Өлшем бірлігінің теңгеге шаққандағы құны
1
Ағымдағы репертуардың үлкен залдағы спектакльдеріне кіру билеті:
1 билет
1)
партердің 1-2, 8-19 қатарлары
2 000
2)
партердің 3-7 қатарлары
2 500
3)
балконның 20-22 қатарлары
1 000
2
Үлкен залдағы премьералық спектакліне кіру билеті:
1 билет
1)
партердің 1-7 қатарлары
3000
2)
партердің 8-19 қатарлары
2000
3)
балконның 20-22 қатарлары
1500
3
Кіші (камералық) залда өткізілетін спектакльдер мен балаларға арналған ертегілерге кіру билеті
1 билет
1 000
4
Жаңа жылдық қойылымдарға кіру билеті
1 билет
2500
5
Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша гастрольдік қойылымдарға кіру билеті:
1 билет
1)
қалалық елді мекендерде
1 000
2)
ауылдық елді мекендерде
700
6
Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша гастрольдік спектакльдерге мектеп жасындағы балаларға (растайтын құжаттарды ұсынған кезде) кіру билеті:
1 билет
1)
қалалық елді мекендерде
700
2)
ауылдық елді мекендерде
500
7
Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін залды (гримерлік бөлмелерін ұсына отырып) ұсыну бойынша қызметтер:
1 іс-шара
1)
үлкен зал (дүйсенбі)
1 750 000
2)
үлкен зал (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі)
2 275 000
3)
үлкен зал (жұма, сенбі, жексенбі, мерекелік күн)
3 500 000
8
Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін шағын (камералық) залды жабдықтармен (гримерлік бөлмелерін ұсына отырып) ұсыну бойынша қызметтер
1 іс-шара
1 200 000
9
Бірлескен іс-шараларға арналған шағын (камералық) залды жабдықсыз ұсыну бойынша қызметтер
1 іс-шара
1 000 000
10
Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін залды жабдықтармен ұсыну бойынша қызметтер:
1 сағат
1)
үлкен зал
450 000
2)
шағын (камералық) зал
200 000
11
Сахналық және қойылымдық іс-шараларды (спектакль, фестиваль, шығармашылық кеш) бірлесіп өткізу бойынша қызметтері, ұзақтығы:
1 іс-шара
100 000
1)
1 сағат
100 000
2)
2-6 сағат
500 000
12
Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін фойені ұсыну бойынша қызметтер:
1 іс-шара
1)
1 күнтізбелік күн
1155000
2)
2-6 сағат
500 000
13
Бірлескен іс-шараларды өткізу үшін дайындық залын ұсыну бойынша қызметтер
1 сағат
10 000
14
"Актерлік шеберлік" дайындық курсы (курстың ұзақтығы - 1 сағаттан 8 сабақ)
1 тыңдаушы
15 000
Ескерту:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11964 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.